Lullaby просмотров: 4544
© GeneralElectricCompany, 2011.
Барлық құқықтары қорғалған. General Electric Company аталған құжаттағы техникалық көрсеткіштерге өзгертулер енгізу құқығын өздеріне қалдыра алады немесе кез келген уақытта сипатталған өнімнің шығарылуын ешқандай міндеттемесіз және ескртусіз тоқтата алады. Соңғы мәліметтерді алу үшін мемлекетіңіздегі GE өкілдігіне хабарласыңыз. Lullaby тауар өнімі, Datex-Ohmeda; Inc. GE и GE Monogram компаниясына тиесілі және Genera lElectric Company тауар белгісі. Компаниянияның өнімі мен атаулары сәйкес компания өнімінің тауар белгісі болуы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы жөнінде маңызды ақпарат
Төмендегі қауіпсіздік техникасы туралы маңызды ақпаратпен танысыңыз
Пайдалану
• .LullabyWarmer - ді қолданар алдында нұсқаманы толық оқып шығыңыз.
• Кез-келген медициналық құрылғыны қолдану жағдайында құрылғымен жұмыс істеуді толық түсінбеу, емделушінің немесе қолданушының зақымдануына алып келеді.
• Бұл құрылғы тек қана арнайы дайындалған және осы типтес құрылғының артықшылығы мен қауіп-қатерін білетін дәрігер маманның басшылығымен қолданылуы тиіс.
• Құрылғымен жұмыс жасауды бастамас бұрын, аталған нұсқамада көрсетілген тексеру тәртібін орындап шығыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Егер кез-келген тексеру барысында молульдің істен шығуы байқалатын болса, оны қолданыстан алып тастап, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Қуат көзі
• Модульді қуат көзінен ажыратып тастаған жағдайда ол қуат көзінің апатты дабыл
режиміне өтеді.
ЕСКЕРТПЕ. Бұл режимде құрылғылғыдағы апатты дабыл белгісінің оң жағында жарықдиодты индикатор, бөлімді қараңыз"Апатты дабылдар мен индикациялар1 тарауда. Бұл дыбысты дабыл үздіксіз дауыс шығарады және құрылғы осы апатты өшіру режимінде негізгі қуат көзін қайта қалпына келтіргенше қалады
• Техникалық қызмет көрсету шараларын орындамас бұрын әрдайым құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз. Қуат көзін тек қана, нақты нұсқамалар талап еткен жағдайда
қосыңыз, өйткені бұл шаралардың бір бөлігі болып табылады.
Қызмет көрсету
• Сервистік қызмет көрсету тек қана сервистік қызмет көрсету нұсқамасында көрсетілген ережеге сәйкес мамандармен жүргізілуі тиіс.
• Аталған нұсқамада біршама ауқымды жөндеу жұмыстары туралы тек қана арнайы білімі бар қызметкерлерге арналған ақпараттар берілген
Сондай-ақ GE Healthcare компаниясы қызмет көрсету орталығы өкілдеріне арналған ақпараттар да қамтылған.
Тазалау және жалпы шаралар
• LullabyWarmer тез жанғыш және анестетикалық дәрі-дәрмектерге жақын жағдайда қолданылмайды, мұндайда жанып кету қауіпі бар.
• Кейбір процедураларға қатысты қосымша сақтық шаралары аталған нұсқаманың келесі төменгі беттерінде сипатталған.
Загружено переводчиком: Джумабаева Инкар Муратбаевна Биржа переводов 01
Язык оригинала: русский Источник: Компания General Electric