Oper man Case просмотров: 2366
ЭКГ-ны тіркеу: Тестке дайындық
Тестке дайындық
Мәлімет жинауға дайындық экраны
Ескерту
Электродтардың толықтай қарсылық көрсету есебінің бағдарламалы модулі қосымша орнатылады. Мұндай модульді сатып алу бойынша өз жүйеңіздің жеткізушісіне хабарласыңыз.
Жалпы ақпарат
Мәлімет жинауға дайындық экраны электродтардың дұрыс жалғануы мен тіркелген ЭКГ дабылының сапасын тексеруге мүмкіндік береді
А В С
K
L J I H G
А-Басылым CASE жаттығуларыменжүргігізілетін тест жүйесі 5-3
2002213-060
ЭКГ-ны тіркеу: Тестке дайындық
Белгілері Сипаттамасы
А Әртүрлі ЭКГ анықтамаларын көруге мүмкіндік беретін белгібаулар
В Бұру жағдайын тексеру терезесі (өзге де белгібаулардың қызметі
«Тест өткізу» бөлімінде берілген - 5-7 бб)
С Бекітілген электродтар ( бекітілген электродтардың жайғасымдағы
қызмет атқару көрінісі тек электродты оң жақ білекке орнатқаннан
кейін ғана көріне бастайды) Жасыл – электрод дұрыс жалғанған; сары – бұрумен байланысты проблема; ақ – қолданылмайды; қызыл - электрод ажырап қалған, бұрылудың алшақтауы немесе өте үлкен көлемде қарсылық көрсету тіркеледі (килоом мәніндегі сандық көрсеткішпен толық қарсылық дәрежесі көрсетіледі)
D Жүректің жиырылу жиілілігі
Е Жүйелі хабарламалар терезесі
F Дабылдардың ағымдағы пішіні
G Ауыспалы ток жолы сүзгішін қолдану көрсеткіші мен
жүрек аритмиясын тіркеу қызметі
Н Соңғы сүзгіштегі қалдықтық бөгелу
(RFR) немесе кубтық сплайн алгоритмдерінің қосу және сөндіру алаңы
(ескертпені келесі беттен қара)
I Сүзгіш жиілілігін таңдау (ағымдағы ЭКГ –ны тіркеу
кезінде қолданылады)
J Дисплейге шығарылған дабылдың күшеюін, оның жылдамдығын және
көрінісін таңдау
K Буруды таңдау
L дабыл күшейткішін өздігінен жазу құралы арқылы таңдау және өздігінен жазу құралына қағазды беру жылдамдығын таңдау
А-Басылым CASE жаттығуларыменжүргігізілетін тест жүйесі 5-4
2002213-060
ЭКГ-ны тіркеу: Тестке дайындық
Мәліметтерді жинауға дайындық экраны
Функционалды пиктограммалар
Test information мәзірін экранға шығару үшін тышқанның шертпесі арқылы Test information(«Тест жайлы ақпарат») пиктограммасын таңдаңыз (4 тарауды қара). Осы экран арқылы оператор емделушінің ауыру тарихын және алдағы өтетін тест түрін, дәрігер мен техниктің аты-жөнін шығарып береді.
Ағымдағы емделушіге қатысты алдыңғы тесттердің жүйелі мекен-жайлары тізімін дисплейге шығару үшін тышқанның шертпесі арқылы Previous Studies («Алдыңғы тесттер жайлы ақпарат»)пиктограммасын таңдаңыз. Бұл қызмет емделуші туралы әртүрлі кезеңде алынған ақпараттарды салыстыруға мүмкіндік береді.
Денеге түсетін ауырлықпен өтетін тест тәртібін түсіндіретін оқу құралын шақыру үшін тышқанның шертпесі арқылы Patient Education («Емделушінің білімі») пиктограммасын таңдаңыз
Хаттама терезесін ашу үшін тышқанның шертпесі арқылы Select Protokol («Хаттаманы таңдау») пиктограммасын таңдаңыз. Бұл терезеде сіздің жүйеңізге жүктелген барлық өткен тесттердің тізімі келтірілген.
Жүйенің медиананы қайта тіркеуі үшін тышқанның шертпесі арқылы Relearn Median («Медиананы қайта тіркеу») пиктограммасын таңдаңыз.
Өзге де жүйе пайдаланушылары берген тесттерді өткізу көрсеткіштерін жүктеу үшін немесе бастапқы күйге қайта қалпына келтіру үшін тышқанның шертпесі арқылы Custom Setup («Көрсеткіштерді арнайы орнату») пиктограммасын таңдаңыз. 7-3 бб. «Жаттығулармен берілген тесттерді орнату көрсеткіштері»
Тест көрсеткіштері мәзірін көру үшін тышқанның шертпесі арқылы Setting («Көрсеткіштерді ң мәні») пиктограммасын таңдаңыз (7-3 бб. «Жаттығулармен берілген тесттерді орнату көрсеткіштері»)
Жүйенің бастапқы (негізгі) экранына қайту үшін тышқанның шертпесі арқылы Initial Screen пиктограммасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТУ
Кубтық сплайн алгоритмдері (Cubic Spline) мен АЧХ (FRF) –ны күйге келтіру – негізгі желінің жолының паразиттік бұрмалануы мен ауытқуын елеулі түрде басуға мүмкіндік береді. Бірақ, қарапайым сүзгіштерге қарағанда ЭКГ дабылына жағымсыз салдарын тигізбейді. Кейбір жағдайларда ғана, мысалы қарқынды паразитті бұрмалану орын алған
кездері QRS кешенінің өзгерісінен құтылу болмай қалады. Сондықтан жүйе операторға тест өткізу барысында қажеттілігіне қарай осы алгоритмдарды өшіріп қосуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТУ
Денеге түсетін ауыртпалық арқылы тесттен өту барысында оператор жаңа хаттаманы таңдаған жағдайда, ол келесі тест фазасына өткеннен кейін ғана басталады.
А-Басылым CASE жаттығуларыменжүргігізілетін тест жүйесі 5-5
2002213-060
ЭКГ-ны тіркеу: Тестке дайындық
Мәліметтерді жинауға дайындау экраны
Орындалатын операциялар
- Электродтарды бекіту дұрыстығын тексеріңіз: барлық бұру дабылдарының сапасын тексеріңіз
ST сегменті көрсеткіштерін өлшеу нәтижесі мен жүрек аритмиясының қорытындысы барлық қажетті электродтарды жалғап дабылдарды тіркеудің тиісті сапасына қол жеткізгеннен кейін ғана автоматты түрде дисплейге шығарылады (яғни, негізгі желіде елеулі ауытқулар болмаған жағдайда). Егер электродтардың кейбіреулері ғана қолданылатын болса, ST сегменті көрсеткіштерін өлшеу мен жүрек аритмиясының қорытындысы қызметін қолдан қосу үшін Relearn Median («Медиананы қайта тіркеу») пиктограммасын таңдаңыз.
- Хаттама таңдауының дұрыстығын текскру үшін тышқанның шертпесі арқылы Select Protokol («Хаттаманы таңдау») пиктограммасын таңдаңыз.
- Емделушіні Дһдене ауыртпалығы арқылы өтетін тестті жүргізу ережелерімен таныстыру үшін тышқанның шертпесі арқылы Patient Education («Емделушінің білімі») пиктограммасын таңдаңыз.
- Басқа да қолданушылардың тапсырысы арқылы өткізілетін тест көрсеткіштерін таңдап және оны жүктеу үшін Custom Setup («Көрсеткіштерді арнайы орнату») пиктограммасын таңдаңыз.
- Ағымдағы тестті өткізу көрсеткіштерінің берілген мәнін тексеру және оны өзгерту үшін Setting («Көрсеткіштердің мәні») пиктограммасын таңдаңыз.
I? EIA? AIEA
Қызмет атқарушы пернетақтасындағы тестке дайындау (pretest) фазасы қосылғаннан кейін оператор тестті өткізу көрсеткіштерін өзгерте алмайды.
- Тест өткізуді бастау үшін қызмет атқару пернетақтасындағы тестке дайындалу фазасының клавишасын басыңыз (pretest). Тестке дайындалу экраны пайда болып, тестке дайындалу фазасы басталады.
А-Басылым CASE жаттығуларыменжүргігізілетін тест жүйесі 5-6
2002213-060
ЭКГ-ны тіркеу: Тест өткізу
Загружено переводчиком: Джумабаева Инкар Муратбаевна Биржа переводов 01
Язык оригинала: русский Источник: gemedicalsystems.com