MirZnaet.ru

Лучшее из переведенного

ФИНАНСОВАЯ ЭКСПЕРТИЗА деятельности субъекта естественной монополии АО «Аэропорт «Сары-Арка» просмотров: 3907

 Жалпы мәліметтер


Сараптаманың мақсаты мен міндеттері


Әуежай қызметі саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметіне қаржылық сараптама жүргізудің мақсаты табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – Субъект) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын және уәкілетті органның шешімдерін орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметін, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес өзге  қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлінуін, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне қолданылған тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерін талдау, тарифтік сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау) болып табылады.


Субъектінің қызметіне қаржылық сараптаманы жүргізу кезінде:


1)                табиғи монополия субъектілерінің нақты шығындарын, күнтізбелік бір жыл ішінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің талаптарын ескере отырып, растау;


2)                табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) уәкілетті органмен келісу;


3)                табиғи монополиялардың көрсететін қызметтеріне орта мерзімді кезеңге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту және енгізу негізгі міндеттер болып табылады.


 Қаржылық сараптама жүргізудің нәтижелері жөніндегі қорытындыда мыналар міндетті түрде көрініс табуы тиіс:


1)                Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде табиғи монополиялар туралы заңның талаптарына бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың сәйкестігі:


-  бухгалтерлік есеп жүргізудің ҚР-да бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеру;


- бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын қолданудың дұрыстығын  тексеру;


- заңнаманың талаптарына есеп саясатының сәйкестігін тексеру, есеп саясатын қалыптастыру және пайдалану кезінде есепке алу қағидаттарының сақталуын тексеру;


- көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) реттелетін және реттелмейтін түрлері бойынша (ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес) шығындарды бөлек есепке алудың бар-жоғын және шығындардың жеке есебін жүргізуді бағалау, шығындарды бөлудің объективтілігі және негізділігі, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің көрсететін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірген түрлері бойынша шығындар бөлудің қолданыстағы әдістемелерінің талаптарын сақтауы. Көрсетілетін қызметтердің реттелетін және реттелмейтін түрлерінен түсетін кірістер есебінен шығыстарды тоғыспалы субсидиялаудың бар-жоқтығына тексеру жүргізілді;


 2) табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясатты сақтауы, уәкілетті органдар белгілеген тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қолдануы, оның ішінде жеңілдіктерді беруі, уақытша төмендету коэфициенттерін және тағы басқаларды қолдануы, есеп айырысу жүйесі.


Субъектінің тарифтік саясатты сақтауына талдау жасау қолданып отырған тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының), уақытша төмендетуші коэффициенттерінің, беретін жеңілдіктерінің уәкілетті орган белгілеген тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына), уақытша төмендетуші коэффициенттерге, берілетін жеңілдіктерге сәйкестігі бойынша жүргізілуі тиіс. Алшақтықтар болған жағдайда алшақтықтардың мөлшері, олардың туындау (объективтік, сондай-ақ субъективтік) себептері ашылуы тиіс. Субъектілер дербес ұсынатын  уақытша төмендетуші коэффициенттерді талдау, есептеулердің дұрыстығы мен негізділігін бағалау. Алшақтықтар болған жағдайда алшақтықтардың мөлшері, олардың туындау (объективтік, сондай-ақ субъективтік) себептері ашылуы тиіс;  


3) шығын баптары бойынша ауытқулардың себептерін көрсете отырып, шығын баптары бойынша тарифтік сметаның орындалуын талдау, атап айтқанда:


- табиғи монополия субъектісінің шығыстарына аудит жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нормативтерге шығыстардың сай болуын тексеру;


- табиғи монополия субъектісінің көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы ережеге сәйкес тарифті (бағаны, алым ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстарға аудит жүргізу;


- негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiнің дұрыстығын тексеру;

- 0 +    дата: 23 августа 2013

   Загружено переводчиком: Байкулов Бауыржан Ауесович Биржа переводов 01
   Язык оригинала: казахский    Источник: ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «PROFESSIONAL EXPERT GROUP»