MirZnaet.ru

Лучшее из переведенного

Декоративное искусство казахов просмотров: 4424

Промыслы казахстанских мастериц


 


Одним из красивейших промыслов казахских женщин является плетение из чия.  Промысел – плетение циновок, имеет богатую историю, также как и другие войлочные ремесла.  Циновка сохранила широкое распространение и ныне. Свои корни распространения берет  с дореволюционных времен. Ни одна юрта не была изготовлена и оформлена без циновки. Практическое ее применение циновки знаменует приход холодов. Чиевая прокладка препятствует проникновению сырости, если покровные кошмы промокали от дождя, предохраняли от проникновения пыли и сора.


Отличительной особенностью привезенных узорных циновок от тех, которые изготовили наши мастерицы в том, что вместо шерсти применяются цветные нити. Это связано с тем, что моль поедает даже крашеную шерсть, поэтому мастерицы стали использовать цветные нити. Изготовление циновок в современных условиях требует большого мастерства, терпения и настойчивости. Остановимся на деталях процесса изготовления узорных циновок.


В первую очередь мастерицы выбирают эскиз и размечают элементы узора уколами иглы на каждом чие. Для того чтобы нитки и шерсть крепко пристали к чию, они предварительно смазывают их клеем или хозяйственным мылом. Эта древняя технология,  была передана нам нашими бабушками. После чего, каждый стебель самостоятельно оплетается шерстью различных цветов и соединяется с другими. В ходе процесса нити для скрепления чия (стеблей) накручиваются  на грузики и закрепляются петлей для того, чтобы  при навешивании нитей на перекладину станка, они не разматывались. Длина нитей должна быть в 4 раза длиннее предполагаемой длины циновки. После чего нити начинают перетягивать через перекладину, на расстоянии 20-25 см.


Потом стебель переплетенный шерстью, накладывается на перекладину с нитями, а концы с нитями закрепляются на противоположной стороне. Так процесс продолжается пока не появится целостный рисунок. Рисунок, как правило, имеет выраженные орнаментированные элементы.


Сложность процесса изготовления циновок является достаточно сложной процедурой, так как каждый стебель необходимо самостоятельно обернуть в цветную шерстяную нить и соединить с другими. Поэтому за ранее нет возможности определить рисунок, в силу того, что элементы узора заложены у мастериц в воображении. От чего и сложность исходит, что из множества элементов нужно собрать целостный, ярко выраженный, интересный рисунок.   Крупными узорами и контрастным сочетанием циновок можно достигнуть шикарной яркости, декоративности, колоритности.


Ранее казахские мастерицы изготавливали такие виды циновок: оре ши - простое сплетение чиевых стеблей; шабак ши - чиевая циновка, шым ши.


Шым ши – узорная чиевая  циновка, изготавливается для разделения кереге и туырлыка юрты. Разновидностью шым ши является шым есик – узорная циновка, подшиваемая к войлочной накидке двери юрты. Оре ши широко применялась в хозяйстве казахов, для раскладки и сортировки шерсти.  Так же простые циновки использовались для сушки молочных продуктов.  


В виде ширмы применялась шабак ши. Использовали для ограды хозяйственной части юрты и как оболочку кереге.  Шым ши -  узорная  циновка, которой оборачивали основание юрты (кереге).


Индивидуален был процесс плетения шым ши, стебли сплетались полосками цветной шерсти в определенных границах.  Их размеры были произвольными: ширина была не менее 140 -170 см, а длина - до 10 м и  более.


Казахстанские мастерицы поделились с нами своим опытом. На сегодня большой популярностью пользуются циновки «Лето» и  «Жар-птица».


«Лето»  является традиционной чиевой циновкой, она изогнута по спирали. Имеет веерообразную переднюю часть, скреплена металлическими стержнями. Основание имеет треугольную форму из металлических стержней. Сверху стержня использовался металлический шарик, в центре расположена  полусфера, на которую закреплена крестовина с четырьмя металлическими шарами на концах.


«Жар-птица» композиция с жгуче ярким колоритом. Изготовлена из традиционной цветной орнаментированной чиевой циновки. Выполнена на металлическом каркасе. Ее форма представлена в виде крылообразной конфигурации. Основание (нижняя часть) собрана под наклоном. От основания отходят два металлических стержня с шариками разной величины на концах. Фоновые (передние) нижние края циновки загнуты вовнутрь. Так же передние нижние края украшены металлическими шариками на концах, а задние развернуты в виде крыльев.


Это еще далеко не весь перечень ярких работ наших мастериц. Дорогие наши сельчане мы считаем, что просто необходимо возвращение ремесла. Где есть традиции народа, где они живы и их чтут, там и есть основы для расцвета декоративного искусства, а в целом и наших аулов и их жителей. Ведь наше декоративно-прикладное  искусство является частью многогранной духовной жизни народа. Прочно лежащее в фундаменте, на котором основана вся национальная культура казахского народа.  Декоративно-прикладное  искусство это лишь один из способов привлечь в наши края, настоящих ценителей большого труда.


 


 


 


 


 


 


Комментарии


Вопрос. Есть ли возможность у казахстанских мастериц изготавливать циновки с целью их реализации?


 


Ответ. Есть такая возможность. Многие ценители этого искусства сегодня, приобретают  циновки например для домашнего интерьера. Отдают безумные суммы итальянским, турецким производителям, за серийное производство. Мы способствуем оттоку денежных средств из страны, тогда как должны действовать обратно, обеспечивая своих умельцев дополнительными рабочими местами и заработком.


 


Қазақ қолөнершілерінің кәсібі


 


Қазақ әйелдерінің ең көркем кәсіптерінің бірі ши тоқу болып табылады. Ши тоқудың да басқа киіз жасау қолөнері сияқты бай тарихы бар.  Ши тоқу қазіргі уақытта да кең таралған. Аталмыш қолөнер революциядан бұрын өзінің бастауын алады. Әрбір киіз үй шимен жабдықталып отырған, яғни ши пайдаланылмаған киіз үйді кездестірмейсіз. Суық түсе бастаған кезден бастап ши жиі қолданыла бастайды. Егер киіз жаңбырдан суланып кетсе, ши ылғалды ішке өткізбейді, сондай-ақ шаң тозаңға да тосқауыл бола алады.


Әкелінген өрнекті шилер мен біздің қолөнершілер дайындаған шилердің айырмашылығы мынадай: мұнда жүннің орнына түрлі-түсті жіптер пайдаланылған. Яғни күйе боялған жүнді де жеп қойып отырған, сондықтан тоқымашылар түрлі-түсті жіптерді пайдалана бастаған. Қазіргі уақытта ши тоқу үлкен шеберлік пен төзімділікті, қажырлықты талап етеді. Өрнекті шилерді дайындаудың процесіне жан-жақты тоқталып өткен жөн.


Тоқымашылар алғашқы кезекте оның сұлбасын таңдап, ою-өрнектерді әрбір шиге инемен белгілеп шығады. Жіп пен жүн шиге жақсылап отыру үшін оларды алдын ала желімдейді немесе оларға кір сабын жағады. Бұл бізге апа-әжелерімізден жеткен көне технология. Түрлі-түсті жүнді қолдана отырып әрбір шиді басқа шилермен өріп отырады. Ши тоқу барысында шиді ұстайтын жіптер салмақшаларға байланып, тоқыма станогының кермесіне жіптерді ілу кезінде олар шешіліп кетпеу үшін түйінделіп бекітіледі. Жіптердің ұзындығы тоқылатын шидің ұзындығынан 4 есе ұзын болуы тиіс. Сонан соң жіптерді керме үстінен 20-25 см қашықтықты сақтай отырып  кере бастайды.


Осыдан кейін жүнмен өрілген шиді жіптер керілген керменің үстінен өткізіп, шидің жіптері шығып тұрған аяқ жағын қарама қарсы жағына бекітеді. Бұл процесс тұтас сурет пайда болғанша жалғаса береді. Сурет әдетте айқын ою өрнектерден тұрады.


Ши тоқу процесі аса күрделі болып табылады, өйткені әрбір шиді түрлі түсті жіпке жеке өріп, басқаларымен қосу қажет болады. Сондықтан қандай сурет шығатынын алдын ала анықтау мүмкін емес, себебі ою-өрнектің сұлбасы тек тоқымашының ойында ғана болады. Сөйтіп көптеген элементтерден біртұтас, анық әрі айқын суретті жасап шығару қажет. Ірі оюлар мен қарама қайшы өрнектер арқылы көркем мазмұнды әсем бейнеге қол жеткізуге болады.


Бұрындары қазақ қолөнершілері мынадай шилерді дайындап келген: өре ши – шилердің қарапайым өрілген түрі; шабақ ши – шиден жасалған төсеніш, шым ши.


Шым ши – ою өрнекті ши, керегені және киіз үйдің туырлығын бөліп тұру үшін әзірленеді. Шым шидің бір түрі – шым есік, ол киіз үйдің есігіне ілінетін ою өрнекті ши. Өре ши қазақтардың тұрмысында жүнді жайып сұрыптау кезінде кең қолдынылып келген. Сондай-ақ сүт өнімдерін кептіріп жаю кезінде де пайдаланылған.  


Қалқа, шымылдық ретінде шабақ ши пайдаланылған. Оны киіз үйдің шаруашылық жүргізетін бөлігін қалқалап тұру үшін және керегенің тысы ретінде қолданған.  Шым ши -  керегені жауып тұратын ою өрнекті ши.


Шым шиді тоқу кезінде шилерді түрлі түсті жүнмен белгілі бір аралықта өріп отырған. Олардың мөлшері әртүрлі болып отырған: ені кемінде 140 -170 см, ал ұзындығы - 10 метрге дейін және одан да үлкен.


Қазақ қолөнершілері бізбен өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі кезде «Жаз» және «Тауыс» атты шилер қатты сұранысқа ие.


«Жаз» - шиыршықталған дәстүрлі ши. Оның алдыңғы жағы желпуіш тәрізді әрі металл стерженьдермен бекітілген. Төменгі жағы металл стерженьдерден жасалған әрі үшбұрышты болып келеді. Стерженьнің үстінде металлдан жасалған шар пайдаланылған, ортасында жартылай шеңбер орналасқан, оған төрт бұрышында төрт металл шары бар айқастырылған табан ағаш бекітілген.


«Тауыс» бояуы қанық әрі айқын қомпозициядан тұратын ши. Ою өрнектелген түрлі-түсті дәстүрлі шиден жасалған. Оның негізі металлдан орындалған. Оның түрі қанат тәрізді конфигурациядан тұрады. Төменгі жағы көлбей орналасқан. Оның төменгі жағынан шамалары әртүрлі шарлардан тұратын екі металл стержень шығып тұрады. Шидің алдыңғы жағы ішке қарай иіліп жасалған. Сондай-ақ алдыңғы төменгі жағы аяқ тұстарында металл шарлармен безендірілген, ал арт жағы қанаттар түрінде берілген.


Бұл біздің қолөнершілердің қолынан шыққан жарқын жұмыстардың бірсыпырасы ғана. Ардақты ағайындар осы бір қолөнер түрін қайта жандандыру қажет деп есептейміз. Халықтың дәстүрін кейінгі ұрпақ ұмытпай ары қарай оны жалғастырып жатса ғана халықтың қолөнері, соның ішінде ауылдың қолөнері жан-жақты дамып өркендеп жататыны даусыз екені айқын. Себебі, біздің декоративтік қолданбалы өнеріміз халықтың көпқырлы рухани өмірінің бір бөлігі ғана. Оның іргетасы берік қаланған және қазақ халқының бүкіл ұлттық мәдениеті осыған негізделеді. Декоративтік қолданбалы өнер нағыз өнер қастерлеушілерді біздің өңірге тартудың айрықша тәсілдердің бірі болып есептеледі.


 


 


 


 


 


 


Түсініктеме:


Сұрақ. Қазақ қолөнершілерінің шилерді сату мақсатында дайындауға мүмкіндіктері бар ма?


 


Жауап. Бұған мүмкіндік бар. Мұндай қолөнер туындыларын қастерлеушілер қазіргі уақытта үй интерьерін безендіруге шилерді сатып алуда. Орасан ақша төлеп италиялық, түркиялық өндірушілердің тауарларын сатып алуда. Яғни елімізден ақша шетелге ағылып кетуде, ал мұның орнына өзіміздің қолөнершілерімізді қолдап, оларды қосымша жұмыс орындарымен және қосымша табыс көзімен қамтамасыз етсек игі іс болар еді.


 

- 0 +    дата: 28 октября 2013

   Загружено переводчиком: Байкулов Бауыржан Ауесович Биржа переводов 01
   Язык оригинала: русский    Источник: статья